Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қыркүйек, 2020

Алматыдағы қоғамдық көлік қозғалысы реттелді

Бүгіннен бастап Алматыда қоғамдық көліктер қалыпты кестемен жүре бастады. Яғни автобустар мен троллейбустар және метрополитен жұмысы таңғы 06:00-ден басталып, кешкі 23:00-де аяқталады. Қазір қоғамдық көліктермен қатынайтын жолаушылардың саны  күннен күнге артып келеді. Өйткені қалада карантин талаптары  кезең-кезеңімен жеңілдетілген.  Әсел Манатқызы, қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы: - Осы қоғамдық көліктің қайтадан жұмыс уақыты бұрынғы қалпына келу себебі Алматы қаласының жолаушыларының сұранысы бойынша қайтадан жандандырылды 23:00-ге дейін. Кеізнде карантин кезінде сағат 22:00-ге дейін қысқартылған болатын. Сол бүгін 29 қыркүйектен бастап қоғамдық көліктің жұмысы 23:00-ге дейін ұзартылды.

529 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз