Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 30 Қыркүйек, 2020

Жанар Оспан: Баланың сабаққа ынтасын қалай арттыру керек?

Коронавирус пандемиясына байланысты көктемнен бері бауырларыммен қашықтан оқимыз. Күзде бауырым кезекші сынып болып, сақтық ережелерін сақтап мектепте оқитын болды. Негізгі пәндерді мектепте, ал үйде қашықтан көркем еңбек, музыка сияқты пәндерді оқиды. Бірақ бауырым сабақтан келген соң, сөмкесін бір бұрышқа лақтыра сала ойынға асығады. Сабақ оқуға, үй тапсырмасын орындауға деген жауапкершілігін байқамаймын. Кешке құр соңынан қалмай, өзім үй тапсырмасын орындауға көмектеспейінше, оның сабаққа еш зауқы жоқ. Арамызда түсініспеушілік пайда болды. Баланы сабаққа қалай ынталандыру керек? Түрлі үйірмеге беріп, баланың уақытын тығыз күн тәртібімен жоспарлау дұрыс па? Бастауышта оқитын балалар не себепті аутоагрессияға ұшырайды? Осы сұрақтарға психоаналитик Жанар Оспан жауап берді.

– Балаға ең алдымен ата-ананың махаббаты керек. Жауапкершілікті сезінген бала сабақты ерекше ынтамен оқиды. Бала үшін анасы мен әкесінің өзіне назар аударуы мен қамқор болуы – маңызды фактор. Қазір балалар жазғы демалыстан соң мектепке барды. Бастапқы кезде кейбір баланың ұзақ демалыстан кейін сабақ оқуға құштарлығы болса, кейбіреуі білім алуға іштей дайын емес. Осындай жағдайда әрбір ата-ана баласы мектептен келген соң міндетті түрде әңгімелесуі керек. Есіктен кірген сәтте баланың көңіл күйіне назар аударып, сөйлескен жөн. Қандай пәндер қызық, сыныптастары қандай, ойландырып жүрген проблемаларын сұрау қажет. Сонда бала жалғыз емес екенін түсініп, сабаққа ынтасы оянады

– Осы орайда мұғалімнің рөлі қандай?

– Мұғалім сабақ беретін пәнін сүйіп оқыса, баланы сабаққа қызықтыра алады. Ата-ананың махаббатына бөленген бала да педагогпен тез тіл табысады.

– Ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктің шешімі бар ма?

– Сабаққа ынтаның болмауы оқу үлгерімін төмендетеді. Бұл ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік тудырады. Осындай сәтте ата-ана балалық шағындағы естелікті бөлісіп, сабақты қалай оқығанын айтып беруі керек. Егер ата-ана баласымен шынайы қарым-қатынаста болса, кез келген проблема шешімін табады.

– Сабақ үлгерімі қарым-қатынаста қаншалықты маңызды?

– Баланың сабақ үлгерімінің жақсы болуы – ата-ананың қуанышы. Бірақ баланы баға үшін оқыту психиканың бұзылуына әсер етеді. Баланың қабілетін ата-ана жақсы білуі тиіс. «Сен қандай баға алсаң да, мен сені жақсы көремін» деп әрқашан айтуы керек.

– Бос уақытта баланы үйірмеге жаздыру дұрыс па?

– Бос уақытта үйірмеге жаздыру – ата-ананың баласынан алшақтау әрекеті. Бірақ гипербелсенді баланы қалаған үйірмесіне берген дұрыс. Ал кейбір баланы үйірмеге жаздыру оның қалауынсыз болады. Сабақ пен үйірмеге барып, бәрін үлгеріп жүретін баламен ата-ана сөйлесуі керек. Бұл баланың ата-ана назарын өзіне аударту әрекеті болуы мүмкін.

– Бастауышта оқитын балада не себепті аутоагрессия жиі байқалады?

– Аутоагрессия – адамның өз тұлғасына саналы және бейсаналы түрде бағыттаған озбыр әрекеті. Бұл әрекет әлеумет талабы мен қарым-қатынасқа бейім емес адамның бойында кездеседі. 1,5-4 жас аралығында бала саналы жандүниесінің даму кезеңінде эмоция толқуларын саралап, қадағалай алмайды. Бұған ересек адамның күші тең келмейді. Бала агрессия ретінде қабылдаған әрекетке есе қайтара алмайды. Сондықтан ашуын ырықсыз өзіне жұмсайды.

– Аутоагрессия мінезге әсер ете ме?

– Эмоцияны тани бастағанда қолдау мен түсіну болмаса, балалық шақтағы аутоагрессия әрекеті ересек адамның мінез-құлқына айналады. Қазақ фольклорында кездесетін кездесетін жезтырнақ кейіпкер агрессияны бейнелейді. Сондықтан балаға мультфильм көрсеткенде де, кейіпкеріне мән беру керек. Тырнау, тістеу – агрессияны білдірудің ырықсыз әрекеті. Ал тырнақ тістеудің себебі – агрессияны ашық талқыға салып білдіре алмау. Бұл – айналадағы жағдайға байланысты кінәні мойнына алу.

– Тырнақ тістеу қаншалықты қауіпті?

– Балабақшаға немесе мектепке баратын, жалпы жаңа ортаға түскен баланың тырнақ тістеуі, саусақты ауызға салуы – қобалжуын басудың ерте кезеңге сай қарапайым амалы. Бұл әрекет баланың өзгеріске әлі дайын емес екенін көрсетеді. Тырнақ тістеудің (онихофагия) психика тұрғысынан себебін анықтаса, гигиена мен тәрбие амалдарын қолданса, балаға оң септігі болады. Егер ішкі эмоционал себеп шешілмеген болса, тырнақ тістеу әрекеті басқа аутоагрессив қимылмен ауыстырылады. Бала тырнақ тістеуден бөлек басын ұрып, өзін жазалап жатса, оған дауыс көтерудің қажеті жоқ. Бұл әдетті кетіру үшін баламен сенімді қарым-қатынас орнату керек.

– Аутоагрессияның тағы қандай түрлері бар?

– Аутоагрессияның тағы бір көрінісіне балада тәбеттің болмауы, ұйқысының бұзылуы сияқты факторлар да жатады. Мұндай кезде баламен ата-ана ролінде емес, дос болып, проблеманы талқылаған дұрыс.

– Әңгімеңізге рақмет!

Назым Сапарова

«Ұлан» газеті, №39
29 қыркүйек 2020 жыл

 

195 рет

көрсетілді

2

пікір
Алдыңғы мақала Аутизммен ауыратын балаларға арналған қосымша жасады
Келесі мақала Абзал Құспан, адвокат: Тілге қызмет ету– азаматтық парыз

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Eric Jones

30 Қыркүйек, 2020

Cool website! My name’s Eric, and I just found your site - kazgazeta.kz - while surfing the net. You showed up at the top of the search results, so I checked you out. Looks like what you’re doing is pretty cool. But if you don’t mind me asking – after someone like me stumbles across kazgazeta.kz, what usually happens? Is your site generating leads for your business? I’m guessing some, but I also bet you’d like more… studies show that 7 out 10 who land on a site wind up leaving without a trace. Not good. Here’s a thought – what if there was an easy way for every visitor to “raise their hand” to get a phone call from you INSTANTLY… the second they hit your site and said, “call me now.” You can – Talk With Web Visitor is a software widget that’s works on your site, ready to capture any visitor’s Name, Email address and Phone Number. It lets you know IMMEDIATELY – so that you can talk to that lead while they’re literally looking over your site. CLICK HERE http://www.talkwithwebvisitors.com to try out a Live Demo with Talk With Web Visitor now to see exactly how it works. Time is money when it comes to connecting with leads – the difference between contacting someone within 5 minutes versus 30 minutes later can be huge – like 100 times better! That’s why we built out our new SMS Text With Lead feature… because once you’ve captured the visitor’s phone number, you can automatically start a text message (SMS) conversation. Think about the possibilities – even if you don’t close a deal then and there, you can follow up with text messages for new offers, content links, even just “how you doing?” notes to build a relationship. Wouldn’t that be cool? CLICK HERE http://www.talkwithwebvisitors.com to discover what Talk With Web Visitor can do for your business. You could be converting up to 100X more leads today! Eric PS: Talk With Web Visitor offers a FREE 14 days trial – and it even includes International Long Distance Calling. You have customers waiting to talk with you right now… don’t keep them waiting. CLICK HERE http://www.talkwithwebvisitors.com to try Talk With Web Visitor now. If you'd like to unsubscribe click here http://talkwithwebvisitors.com/unsubscribe.aspx?d=kazgazeta.kz

Dewitt Cheek

20 Қазан, 2020

You have a very nice website, but I'm sure it's pretty hard to find new article ideas and create content especially nowadays when it seems like all topics have been covered by someone.. I'm sure you're tired of getting these messages through your contact form, and that's why I won't bother you with long texts. I just think that you'll have a lot to gain from this small tip:) I have been able to create articles easily for all my websites and avoid any duplicate content penalties from Google using a very smart and intuitive article spinner called Spin Rewriter, which I`m sure would work wonders on a business like yours. And the best part is that you won't even need to know English as your main language. The strong AI behind Spin Rewriter will create articles in perfect english in minutes. Check it out and tell me what you think. Here is the official link: https://www.alecpow.com/spin-rewriter-official Also, the tool comes with a 7 days trial version completely free, no questions asked, no payment required:) So make sure to check out https://www.alecpow.com/spin-rewriter-official You can reply to this email to ask for samples of websites where we publish the content written by Spin Rewritter