Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қыркүйек, 2020

Елімізде 104 оқушы коронавирус жұқтырған

Елімізде жаңа оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді. Оның 33-і – кезекші сыныптарда оқитын балалар. Олармен қарым-қатынаста болған 550 адам тексеріліп, 7 адамнан коронавирус анықталды. 71 бала – қашықтан оқып жүріп жұқтырып алған оқушылар. Олармен қарым-қатынаста болған 240 адам анықталып, ішінен 15 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды», – деді Алексей Цой.

Министрдің мәлімдеуінше, оқушылардың барлығы жаңа оқу жылын офлайн режимде бастаса, коронавирус жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған адамдардың саны 1500-ден асып кетер еді.

267 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз