Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Infotainment
  • 30 Қыркүйек, 2020

«Business Lady Qazaqstan» байқауының гала-финалы өтті

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 10 кәсіпкер әйел қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен еліміздің үздік кәсіпкер әйелдерінің қатысуымен жыл сайынғы «Business Lady Qazaqstan» байқауының гала-финалы өтті.

Қазақстанның әр өңірінен 10 кәсіпкер әйел қатысты. Олардың ішінде: Көкшетау, Сәтпаев, Арыс, Алматы, Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларының кәсіпкер әйелдері бар. Гала-финалға дайындық барысында қатысушыларды еліміздің үздік имиджмейкерлері мен стилистері сәндеді, сондай-ақ тақырыптық шеберлік сыныптары өткізілді.

Байқаудың финалистерін қазылар алқасы бағалады. Олар: қазылар алқасының төрайымы, Парламент Мәжілісінің Депутаты - Меруерт Қазбекова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі− Салтанат Тұрсынбекова, Олимпиада чемпионы− Бақтияр Артаев, Қазақстан Республикасы грепплинг қауымдастығының президенті − Қанат Алин, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры − Ақерке Жұманбаева.

Байқау үш негізгі кезеңнен тұрды: өз жобасы туралы бейне-баян, эрудиция және шығармашылық нөмір.

«Байқаудың негізгі мақсаты кәсіпкерлікте, кәсіпте, қоғамдық өмірде, саясатта және шығармашылықта өзін табысты іске асыратын әйелдің бейнесін қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда іскерлік қасиеттер мен шығармашылық қабілеттерді жан-жақты дамыту арқылы қоғамда тануға қол  жеткізу – «әйел жетістігінің» жаңа бейнесін жасау», - делінген хабарламада.

Байқау соңында әр түрлі номинациялар мен «Business Lady Qazaqstan» гранд-при финалистері марапатталды, сондай-ақ демеушілер атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Аталған іс-шара «Еңбек - ел мұраты» арнайы жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қатысуымен, қоғам мен мемлекеттің дамуына үлес қосатын кәсіпкерлік саласын, шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

461 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз