Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қазан, 2020

«Самұрық-Энерго» АҚ шығыстарын 18,5 млрд. теңгеге оңтайландырды       

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ағымдағы шығыстары мен күрделі сипаттағы шығыстары 2020 жылы 18,5 млрд. теңгеге қысқартылды.  

Қысқарту шаралары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жедел штабы отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазынаның» құрамына кіретін компаниялардың алдына кең ауқымды міндеттер қойылып, нақты тапсырмалар берілген болатын, солардың қатарында – өздерінің өндірістік қызметіне тікелей әсер етпейтін шығыстарды қысқарту, компаниялардағы басшылық лауазымдар мен вакансияларды қысқарту тұрғысынан ұйымдық құрылымдарын қайта қарау және т.б. 

2020 жылға жоспарланған шығыстарды талдау қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ консультациялық, аудиторлық және заңгерлік қызметтермен, бағдарламалық жасақтаманы сүйемелдеумен және жаңартумен, резерв жасау және автокөлікті ұстау шығындарымен байланысты және өзге де ағымдағы шығыстарын қысқартты.

Операциялық шығыстарымен қатар, компания күрделі сипаттағы шығыстарын да қайта қарады, бұл бойынша оңтайландыру 15,8 млрд. теңгені, немесе жалпы инвестициялық шығыстардың 13%-ін құрайды. 

Еліміздің аса ірі электр энергетикалық холдингі күрделі эпидемиологиялық ахуал кезінде өзінің қызметкерлерін қолдау үшін қажетті шаралардың бәрін де қолға алды.

         Карантин кезеңінде компанияның электр станциялары мен кәсіпорындарында жұмыс орындарын қысқартуға, жалақыны кешіктіруге жол берілмеді, сондай-ақ еңбек заңнамасында және ұжымдық шарттарда белгіленген өтемақылар төленіп, жеңілдіктер қарастырылды.

         Тұтас алғанда, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның электр энергетикасы және көмір өндіру салаларындағы жұмысы штаттық режимде іске асырылуда.

Жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 30,5 млрд. кВтсағ. деңгейінде, 2019 жылмен салыстырғанда өсім 0,3 млрд. кВтсағ. болады деп болжам жасалуда (2019 жылы өндіру көлемі 30,2 млрд.кВт сағатты құрады.  

212 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз