Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 01 Қазан, 2020

Түркістанда ішкі туризм қарқынды дамитын болады

Түркістанда ішкі туризм қарқынды дамытын болады

Маңызды саланың бүгіні мен болашағы жайлы «Түркістандағы Туризм: қарқынды даму уақыты» атты шарада талқыланды.

Оған облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев, Халықаралық және туризм меймандостық университетінің ректоры М.Мурзамадиева, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Т.Нахипбеков, «Rixos Turkistan» қонақ үйінің бас-директоры И.Челик, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының өкілдері, жетекші туроператорлар, Түркістан өңірінің қолөнершілері мен белгілі спортшылар мен қаланың туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатысты.

Басқосуда туристік саланы дамытудың басым бағыттары кеңінен сөз болды. Яғни, спикерлер заманауи көзқараста ойлайтын білікті жастарды жұмысқа тарту, сондай-ақ еліміздегі қалалар мен өңірлердің экономикалық даму драйвері ретінде ішкі және сыртқы туризмді ілгерілету бағытындағы өзара қарым-қатынасын реттеу жайы әңгіме арқауына айналды.

Сондай-ақ, кездесуде «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» мен Түркістан облысы мен қала әкімдігі, «Rixos Turkistan» қонақ үйі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан серіктестік және өзара ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойылды.

Туризм саласына ерекше көңіл бөлінген Түркістанда соңғы жылдары мыңдаған жұмыс орны ашылғаны белгілі. Күннен күнге қарыштап дамып жатқан шаһарды одан әрі айшықтай түсетін тың жобалар қолдау табуда. Сондай-ақ, жуық арада ашылуы жоспарланған «Tai-Kazan» этнокешенінде ұлттық нақыштағы дүниелер, тағамдар, суретке түсу мүмкіндігі және қолөнер туындылары таныстырылды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында ақпараттық тур, «Дәмді» тағамдар фестивалі, қолөнер шеберлерінің бірегей және көркем туындылары қойылған көрме ұйымдастырылып, шеберлік сыныптары өткізілді.

 

 

155 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Түлкібастық шаруалар 14 мың тоннадан астам мақсары өнімін жинады
Келесі мақала Алакөл ауданына биіктігі 33 метрлік ту тұғыр орнатылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *