Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 01 Қазан, 2020

"Онлайн мектеп" сұрақтары шаршатты

 
Көресіні онлайн мектептен көрдік. Бастауыш сыныпта оқитын қызым екеуіміз онлайн мектепте берілген тапсырмаларды бірге орындаймыз. Сонда математика, ағылшын тілі, орыс тілінен ең жоғарғы ұпайды аламыз да қазақ тілі мен әдебиеттік оқудан алпыс балдан аспаймыз. Сосын жолдасым жүреді "журналист басыңмен қазақ тілі мен әдебиетті білмейсің бе?" деп бетіме басып. Мәселе білмегенде емес, ондағы тапсырмалардың түсініксіздігінде. Қызым да сол үшін менен көмек сұрайды. Құдай-ау, кітаптағы мазмұн мен онлайн мектептегі мазмұн бір-біріне ұқсамайды ғой, екеуі бір-біріне кереғар. Қайсысына сенеріңді білмейсің. Мысалы, бүгінгі әдебиеттік оқудан "Киіктің айласы" деген Ә. Қоңыратбаевтың шығармасын талдауға беріпті. Кітапта киіктер "суатқа" келді десе, онлайн мектептегі тапсырма бойынша "Сарысу өзеніне келді" дейді. Кітапта "ақсақ теке" деп тұрса, онлайнда "мосқал теке" дейді. Біреуінде теке "белден асып, ғайып болса", екіншісінде "сылти басып кете береді" (сылти басып жүрген текені қасқырлар ұстап, жеп қоймай ма...). Осыдан келіп жауабынан шатасып, төмен балл алып жүргеніміз сол. Орыс тілі мен ағылшын тілінің сұрақтары тастай. Баяғы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті ақсап тұр. Балаларымыз шатасып, білген нәрсесінің өзін ұмытып қалып жатыр...
 
Қымбат Тоқтамұрат
Журналист (Фейсбук парақшасынан) 
 

759 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз