Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 01 Қазан, 2020

Мадридте карантин жарияланды

Испания үкіметі коронавирустық жағдайдың нашарлауына байланысты Мадридте карантин жариялады. Бұл туралы The Guardian елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Испанияда соңғы екі аптада тіркелген COVID-19 жағдайларының үштен бірінен көбі Мадридке тиесілі. Мадрид тұрғындары белгілі себептермен ғана, соның ішінде жұмыс бабымен қаладан кете алады. Сондай-ақ мейрамханалар жұмыс уақытын қысқартып, қоғамдық орындарда алтыдан көп адамның жиналуына тыйым салынған. Испанияда індет басталғалы бері 749 мың адам инфекцияны жұқтырып, 31 мыңнан астам адам қайтыс болды.


426 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз