Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қазан, 2020

4 облыста құс тұмауы тоқтады

Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құс өлімі тоқтады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.а. Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді.

"Тәулік бойынша құс өлімі қарқынының төмендеуін көрсетеді. Мәселен, соңғы тәулікте Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында өлім тоқтады. Сонымен қатар, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында өлім азайып келеді", - деді ол.

Жалпы, құс өлімі ҚР 7 облысының 41 ауданының 99 елді мекенінде тіркелген. Жеке аулаларда 23 854 құстың өлімі тіркелді. Ал екі құс фабрикасындағы өлімді ескере отырып, өлген құстың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.

290 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз