Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 02 Қазан, 2020

Ұстаздарға хат

 Бір мектептің директоры жұмысқа тұрған әр мұғалімнің қолына мына хатты ұстатыпты.
"Құрметті мұғалім! Мен концлагерьде отырып шыққан адаммын. Менің көзім адам төзгісіз сұмдықты:
- инженер ғалымдардың газ камераларын салғанын;
- дәрігерлердің балаларды улағанын;
- оқыған медбикелердің сәбилерді өлтіргенін;
- жоғары оқу орнын бітірген азаматтардың мылтық асынғанын, әйел мен бүлдіршінді өртегенін көрді.
Сондықтан мен оқыған, білімді деген сөзге аса сенбеймін. Менің сіздерден өтінерім: оқушылардың адам болуына көмектесіңіздер. Күш-жігерлеріңізді оқыған жексұрынның, жаттанды психопаттың, білімді Эйхмандардың өсіп шығуына жұмсамаңыздар!
Оқу, жазу, сызу, есеп - адам болып қалыптаса бастағанда ғана маңызды."
Автор: Джейкоб Броновски.
Аударған: Айнұр Бұлақбай 
 

1012 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз