Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 05 Қазан, 2020

Qazaq style жанкүйерлерін қуантпақ

Қазақстандық бокс жанкүйерлері Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалай алады.

10 қазанда таңертеңгісін Лас-Вегастағы бокс кешінің тікелей трансляциясын «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Қазақ боксшысы шаршы алаң төріне Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 8:00-де көтеріледі.

Әлімханұлы бұл кеште аргентиналық Гонсало Кориамен (16-3, 6 КО) жұдырықтасады. Қазір қазақстандық боксшыда орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдары бар. 

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 9 қарашада Фреснода (Калифорния, АҚШ) өткізген. Сол кездесуде ол канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын. 

533 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз