Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біле жүріңіз
  • 07 Қазан, 2020

Apple iPhone 12-ні қашан көрсететінін ресми түрде жариялады

Apple компаниясы жаңа өнімдердің кезектен тыс тұсаукесерін жариялады. Олардың арасында iPhone 12 болады. Іс-шара туралы хабарлама Apple-дің сайтында пайда болды. Тұсаукесер 13 қазанда өтеді. Басталуы Мәскеу уақытымен 20:00-де жоспарланған. Apple компаниясы қандай гаджеттерді көрсететінін атамаса да, қыркүйек айындағы оқиғадан кейін инсайдерлер осыкүнді атады. Жаңа iPhone-нің көрсетілімде болмағаны көптеген жандардың көңілін қалдырды. Өткен презентацияда тек жаңа Apple Watch және iPad планшеттері ұсынылды. Іс-шарада 2020 жылы төрт модельге дейін кеңейтілетін жаңа iPhone-ды ғана емес, сонымен бірге AirTag іздеу белгісі, AirPods Studio құлаққаптары, Apple TV 2020 және ARM архитектурасында жасалған процессордағы алғашқы MacBook таныстырылуы мүмкін.

                                                            24.kz

377 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз