Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қазан, 2020

Сенатор «Балдырған» және «Ұлан» басылымына жазылуға ұсыныс жасады

Бұл туралы белгілі журналист, сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің фейсбук парақшаасында мәлім етті.

«Cенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің тікелей бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мырзамен кездесу болды. Кездесуде аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакетті енгізу мәселелері талқыланды.

Былтыр осы «Атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заң жобасын зерделеу ісіне жауапты болдым. Аз уақытта көп нәрсе жасалды. Осы ретте Әлеуметтік қауіпсіздік туралы, Әлеуметтік қызмет порталының жұмысы туралы, жақында ғана Президент Жолдауында айтылған «Әлеуметтік әмиян» қалыптастыру туралы бастамаларды қолдаймын.

Біз әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдары топтамасын ұсынып отырмыз. Бұл – табиғи қорек. Ал рухани азықты ойластырдық па?

Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар газет-журналдарға жазыла алмайды. Бізге неге Ақпарат, Еңбек, Білім министрліктерінің күш біріктіруімен «Балдырған» журналын, сондай-ақ «Ұлан» газетін жаңағы осал топтарға жаздыртып беру ісін ұйымдастырмасқа?!

Осындай іргелі шараны жүзеге асыру арқылы біз газет-журнал, кітап оқитын жас ұрпақты қалыптастырамыз. Олар Оқу мәдениетіне үйренеді. Келешекте білімге, ғылымға құмар азаматтар болып өседі. Отансүйгіш сезімі ерте қалыптасады. Көзі ашық, көкірегі ояу Қазақстан азаматтарының қатары артады. Осы мәселеге мықтап көңіл бөлген дұрыс!, - деді Нұртөре Жүсіп өз жазбасында.

...Несі бар, өте назар аударарлық ұсыныс. Енді сенатордың бұл ұсынысы министрлік арқылы жүзеге асса дейміз.

 

 

 

862 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Келесі мақала Бағдат Қожахметов: Қатаң карантин режиміне қайта оралуымыз мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *