Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қазан, 2020

Бағдат Қожахметов: Қатаң карантин режиміне қайта оралуымыз мүмкін

Азаматтар санитарлық дәрігердің айтқан талаптарын орындамаса, тағы да қатаң карантин режиміне оралуымыз әбден мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен ҚР қазіргі эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан карантиндік шаралар туралы онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

-Жағдайдың тұрақтанғанына қарамастан карантин шараларынан біз күткен нәтиже болмай отыр. Науқастар саны қайтадан өсуде. Азаматтар санитарлық дәрігердің айтқан талаптарын орындамаса, тағы да қатаң карантин режиміне оралуымыз әбден мүмкін», - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, 7 қазандағы жағдай бойынша елімізде Covid-19 жұқтырған 108 362 адам тіркелген. Соңғы тәулікте 66 азаматтан індет анықталды, яғни 0,6% өскен.

-Өкінішке қарай, 1 752 адам коронавирус салдарынан көз жұмды. Республикада коронавирус инфекциясының ПТР тест нәтижесі теріс 33 877 ықтимал жағдайы тіркелген. Тәулігіне 262 науқас тіркелген, яғни 0,8% өсті. 27 563 адам жазылып шықса, 361 азамат қайтыс болды, - деді ол.

 

 

395 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз