Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Қазан, 2020

Алматыда ардагерлердің құрметіне аллея ашылды

Ұлы Отан соғысына қатысушылардың құрметіне арналған аллеяның ашылуы «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің, «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қатысуымен Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында өтті.

Іс-шара «Біздің есімізде - Біз мақтан тұтамыз!» патриотттық акциясы аясында өтті. Оның мақсаты Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ұлы ерліктерін мәңгі есте сақтау, соғысқа аттанған әрбір сарбаздың ерлігі мен батырлығына құрмет көрсету.

Акцияға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қарулы Күштердің генералдары мен ардагерлері, Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалының және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.

Іс-шара барысында жаңа аллея аумағында әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері 100 түп ағаш отырғызып, оның негізін қалады.

436 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз