Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қазан, 2020

Бүгін көру қабілеті күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен дүниежүзілік көру қабілеті күні жыл сайын қазан айының екінші бейсенбісінде атап өтіледі.

Аталмыш күн зағиптық пен көру қабілетінің бұзылуына назар аудару үшін белгіленген. Бүкіл әлем бойынша аталып өтетін көру қабілеті күніне орай оқырман назарына пайдалы кеңестерді ұсынамыз.

Көз ауруларының алдын алу шараларына офтальмологқа бару ғана емес, сонымен қатар жақсы көру қабілетін сақтауға көмектесетін қарапайым ережелерді сақтау жатады.

Көз жақсы көру үшін мамандар темекі шегуден бас тартуға кеңес береді. Өйткені никотин көру қабілетіне зиянды әсер етеді. Ол тыныс алу жолдарының және ағзаның басқа мүшелеріндегі аурулардан басқа тамырларды кеңейтеді, тарылтады, көздің көруін бұзады.

Көру қабілеті әлсіреген адамдар көз торының тамырларын нығайтатын өнімдерді тұтынуы керек. Мысалы, көкжидек, қарақат, сәбіз. Миопия диетасында бауыр, ақжелкен, салатжапырағы, аскөк, жасыл пияз сияқты шөптер болуы керек.

Ретинальды дистрофияға итмұрын, мүкжидек көмектеседі. Жасанды жарық, теледидар мен компьютердің жарқыраған экрандары, электронды ойындар көзге теріс әсер етеді. Жұмыс орны жеткілікті түрде жарықтандырылуы керек. Жарық өрісі жұмыс кеңістігінің бүкіл аймағына біркелкі бөлінеді.

Жарық сәулелері көзге тікелей түспеуі керек. Компьютерді қолданатындар үшін заманауи монитор мен сапалы бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Компьютерде жұмыс істеген кезде көру қабілетін сақтау үшін көздің тынығуына ықпал ететінарнайы гимнастикалық кідірістер жасап тұрған абзал.


675 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз