Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қазан, 2020

Атыраудан құнды жәдігерлер табылды

Атыраулық археологтар Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғанынан, б.з.д 2-1 ғасырға тиесілі, Сармат жауынгерінің қаңқасын тапты.

Қабірдегі 2 метрлік табыттан ежелгі римдік стильдегі темір сауыты бар адамның сүйегі мен ұзындығы 1 метр қылыш шықты. Сондай-ақ ағаштан жасалған қалқан мен 40 дана жебе, темір және алтын жапсырмалар, ат әбзелдері, түрлі жоралғыға арналған табақша жауынгермен бірге жерленіпті. Енді құнды жәдігерге бастан-аяқ реставрация жасалады.

Марат Қасенов, археолог: - Біз мұны қалпына келтірсек, сол кездегі 2000 жылдық ата-бабамыздың мәдениеті, тарихы, этнографиясынан үлкен мағұлмат береді. Бұл жәдігер Атыраудың ғана мақтанышы емес, Қазақстандағы тұңғыш жәдігер болып отыр.

Төлеген Жаңабайұлы, өлкетанушы: - Жәдігердің табылуы бізді ерекше қуантады. Болашақта осындай жәдігерлер көбірек табыла берсін. Біз тарихымызды осы арқылы жасаймыз,- деп мәлімдеді.


599 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз