Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Қазан, 2020

Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

Лас-Вегаста өтетін бокс кешінің өнер көрсететін спортшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысты.

Аталған кеш аясында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін өткізеді.

27 жастағы қазақстандық боксшы таразыда 159,6 фунт (72,39 келі) көрсетті. Оның қарсыласы, аргентиналық Гонсало Корианың (16-3, 6 КО) салмағы 158,6 фунт (71,94 келі) болды. Айта кетерлігі, Жәнібек өнер көрсететін орта салмақтың шегі - 160 фунт (72,5748 келі). Кештің негізгі жекпе-жегі саналатын Әлімханұлы мен Корияның жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған.

Әлімханұлы мен Корианың арасындағы жекпе-жек 10 қазан күні өтеді. Қазақстандық бокс жанкүйерлері Жәнібектің жекпе-жегін «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 8:00-де басталады.

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз