Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қазан, 2020

Есей Жеңісұлы: Ұстазы – Google, тәрбиешісі – You-Tube, досы – әлеуметтік желі...

Сенатор, белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіптің бастамасын зор ықыласпен қолдаймын.

Бас-аяғы он-он бес жыл ішінде біз оқырман ұрпақтан айырылып қалдық. Қаңсықты демей-ақ қояйын, жаңа технологиялық жетістіктерді таңсық көрген, смартфоннан бас алмайтын ұрпақ пайда болды. Ұстазы – Google, тәрбиешісі – You-Tube, досы – әлеуметтік желі... Оған әкенің де, шешенің де сөзі өтпейді. Тіпті әке-шеше де қарын қамынан артыла алмай, бүкіл тәрбиені гаджеттердің қолына аман-есен өткізіп берді. Баласы оқымаса, мұғалімін кінәлайды, мектеп тапсырмасының тым күрделі екенін айтып жалтарады.

Сондықтан қазір жаргондармен сөйлейтін, өз ойын жеткізуге қабілетсіз, бейпіл, былапыт, ең бастысы, білімсіз ұрпақ өсіп келеді. Орыстың атақты актері Олег Табаков бір сұқбатында: «Страна за теми, кто есть», – деген еді. Осы бетпен кете берсек, біздің елдің тізгіні де білімсіз, бағдарсыз ұрпақтың қолына тие ме деп қорқамын. Сондықтан балаларға қандай қамқорлық жасаудың мүмкіндігі болса, соның бәрін қарастыруымыз керек. Балаларды баяғыда ажырап қалған ізгілік әлеміне қайта шақыруымыз керек.

Нұртөре ағамыз  «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкенді» оқып өскен бала ертең аға газеттердің оқырманына айналады. Балалар газетін оқыту арқылы біз болашақ оқырман тәрбиелейміз», – деп еді. Мен балаларыма осы үш басылымды да, оған қоса «Балабек», «Ертегілер елінде» журналдарын да жаздырып жүрмін. Әрине, сабақтары қиын, бос уақыты жоқтың қасы. Бірақ ауылға жиі апарып жатқаным жоқ, қатты дене еңбегімен де айналыса бермейді. Ендеше, олардың жанын шыңдауға тырысуым керек деп тырысып жүрмін. Тіпті оқыған кітаптары үшін анасы екеуміз ынталандырып та қоямыз. Саналарының бір түкпірінде біздің осы әрекетіміз әйтеуір бір жеміс беретіні анық. Өйткені біздің ата-анамыз да сондай үлгі көрсетті.

Ал жағдайы төмен отбасылардың жеткіншектеріне балалар басылымын жаздырып беруді ғана емес, ертең солардың қолына нақты жетуін де ойластыру керек. Қазір газет жаздырып алмайтын аула ғана емес, ауылдар да бар. Жеткіншегінің жанын жамандықтан арашалауға ұмтылған елдің болашағы жаман бола қоймас деп ойлаймын.

 

1226 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Жәнібек Әлімханұлы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты
Келесі мақала Праймериз қорытындысы талқыланды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *