Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Пайдалы кеңестер
  • 09 Қазан, 2020

Шетелде білім алуға арналған бағдарламалар тізімі

Шетелде оқу дегенде ең алдымен "Болашақ" бағдарламасы еске түседі. Алайда, қазіргі уақытта халықаралық деңгейде білім алып, шетелден тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндіктер беретін көптеген жобалар бар. Осы орайда біз бүгін  жастарға пайдалы әрі тиімді бағдарламалардың тізімін ұсынуды жөн көрдік.

Мысалы Францияда білім аламын десеңіз, Eiffel Excellence-ке тапсыра аласыз.Бұл бағдарлама арқылы студенттердің магистратура мен аспирантура дәрежелерін оқуына мүмкіндік берілген. Ресми сайты - campusfrance.org

Еуроодақтың Erasmus+ бағдарламасының Қазақстандағы erasmusplus.kz ұлттық кеңесі арқылы барлық мәліметтерді білуге болады.

Fulbright бағдарламасымен Америкада оқу үшін магистранттарға грант бөлінеді. АҚШ-та оқимын десеңіз, fulbrightonline.org  порталына шолу жасаңыз.

DAAD арқылы Германияда оқи аласыз. Толық ақпарат daad.de сайтында бар.

Chevening - стипендиялық жүйе. Англияның алдыңғы қатарлы университеттерінде оқуға мүмкіндік береді.Бұл жүйенің басты талаптарын білімге құштар жандар chevening.org арқылы біле алады.

Шетелде оқу жолдары, түрлі гранттар мен шәкіртақылар жайлы ақпараттар neupusti.net сайтында күн сайын жаңарып отырады.

Бексұлтан Нөкербан

1562 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз