Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 09 Қазан, 2020

Праймериз қорытындысы талқыланды

Белгілі саясаттанушылар, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және талдау орталықтарының мүшелері «Nur Otan» партиясы өткізген праймериздің қорытындысын талқылады.

Жиынға Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйытқы болды. Қатысушылар партияішілік іріктеудің еліміздегі саяси мәдениетті дамытудағы, азаматтық белсенділікті арттырудағы маңызына тоқталды.

Сондай-ақ праймериздің науқандық сипатқа ғана ие болмауын қадағалап, саяси аламанға қатысқан үміткерлердің партияда қалу жағын да атап өтті.

«Оларды қоғамдық кеңестердегі жұмысқа тартып, кадрлық резервке қосу керек», – деді саясаттанушылар.


445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз