Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 09 Қазан, 2020

Орындалған арман немесе парашютпен секірген хомяк

 
Швеция телеарналарының біріндегі тікелей эфир. 
Реалити-шоуда бағдарлама қатысушысына “Арыңыз мазалап жүр ме?” деген сұрақ қойылады. Микрофонды қолына алған ер адам:
“Кішкентай кезім. Досыммен үйдегі атжалманды(хомяк) парашютпен биіктен ұшырмақшы болдық.
Қолдан кәрзеңке, парашют жасадық. Биік үйдің балконынан төменге қарай жібердік. Қарап мәз болып тұр едік, әп-сәтте жел соғып, хомяктан көз жазып қалдық. Ұшты-күйлі жоқ.
Соны әлі күнге ұмыта алмаймын. Бұндай қателікті не себептен жасадым екен?!”
Сол сәт студияға телефон соғылды.
Әйел адамның дауысы. Ер адамнан “Ол оқиға осындай жылы болды ма?”- деп сұрайды.
Ол басы салбыраған күйі “Иә" деп жауап береді.
“Жазда Стокгольм мерекесі болған кез емес пе?”- деп, әйел тағы сұрақ қойды.
“Иə, иә, иә...” деп ер адам асыға жауап қатты.
Әйел:
- Мен кішкентай мақұлыққа не болғанын білемін.
- А? Не болды?- еркек таңғала сұрады.
“Менің қызым көптен хомяк сұрап жүретін. Бір күні “Менен сұрама. Саған Құдай өзі береді” дедім. Қызым қолын көкке жайды да: “А, Құдайым! Маған хомяк берші!” деп тіледі.
Екеуміз әрі қарай қаланың мерекесіне кеттік. Бір кезде қызым: “Мама, Құдай менің тілегімді қабыл етті. Қарашы!”
Сол мезетте аспаннан парашютпен ұшқан хомяк тура қызымның қолына түсті".
Аударған: Айнұр Бұлақбай.
блогер
 
 

1023 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз