Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Қазан, 2020

Қоқыстан азығын іздеген пілдердің суреті үздік деп танылды

Ұлыбританияда Корольдіктің биологиялық қоғамының фотобайқауы өтті. Қоқыс төгетін жерден азығын іздеп жүрген пілдердың суреті жеңіске жетті. Бұл туралы ВВС хабарлайды. Тилахан Тармапаланның Шри-Ланкада түсірген суретінен бір топ пілдің қорыққа жақын маңдағы қоқыстан азық іздеп жүргенін көруге болады.

Жергілікті билік жақында ғана Ампар округіндегі қорық маңына қоқыс төгуге тыйым салған болатын. Оған пілдердің жаппай улануы себеп. Сол маңнан алып жануарлардың өлексесі де табылған. Ал жылдың үздік жас фотографы атағы Шри-Ланканың 14 жастағы тұрғыны Ашвин Гиртанға бұйырды. Оның суретінде балықшылардан қалған таяқшаларда өздерінің жемтігін күтіп отырған суқұзғындар бейнеленген. Фотобайқауда бұдан басқа да табиғат аясынан түсірілген бірқатар суреттер көпшілік назарын аударды. 
                                                     24.kz

493 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз