Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 13 Қазан, 2020

Қар барысы фототұзаққа ілінді (Видео)

Экология министрлігінің баспасөз қызметі Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында тағы бір қар барысы фототұзаққа түсіп қалғанын хабарлады.

Жойылып кету алдында тұрған сұлу жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана. Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. БҰҰ даму бағдарламасы бойынша ғаламдық экологиялық қоры Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатқан.

Қызыл кітапқа енген жануар фототұзаққа теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте ілінген. Барыс - мысық тұқымдастардың ең жасырын жүретін түрі. Сондықтан жаздыгүні биік тауларда таспаланған кадр аңның мекен ету ортасы мен популяциясын зерттеу үшін аса маңызды.

Еске сала кетейік, Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев 28 қыркүйекте «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет көзге түскен қар барысының фото, видеоларымен бөлісті.

 

39780 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз