Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 13 Қазан, 2020

Мереке Пішембаев жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мереке Пішембаев 1962 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған. Мамандығы - инженер-құрылысшы, экономист, менеджер.

Еңбек жолын 1985 жылы Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының Май аудандық автомобиль жолында аға жол шебері, бас инженер болып бастаған.

1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін квазимемлекеттік секторда түрлі лауазымдарды атқарған.

1997 жылғы қыркүйектен 2000 жылдың ақпанына дейін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде басшылық лауазымдарында еңбек еткен.

2000-2002 жылдары - Солтүстік Қазақстан мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің директоры, Солтүстік Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2002-2013 жылдары - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін - ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі; 2014 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы наурызға дейін - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарды.

382 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз