Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Қазан, 2020

«Дипломмен – ауылға»  бағдарламасының орындалу сапасы төмен

«Дипломмен – ауылға»  бағдарламасының орындалу сапасы төмен

Парламент Сенатының депутаттары Ақмола облысының Шортанды ауданында болып, жергілікті тұрғындармен және жергілікті билік өкілдерімен кездесті және шаруа қожалықтарын аралады.

Сенаторлар ауылдағы нақты жағдай мен өзекті мәселелерге, сондай-ақ ауылдық аумақтарды қолдау мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу сапасына назар аударды. Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің сапары 2020 жылғы 23 қазанда өтетін парламенттік тыңдауға дайындық аясында жүзеге асты.

Сенаторларға келген ақпарат бойынша ауыл тұрғындары қалаларға қоныс аударуда. Депутаттар сондай-ақ ауыл мектептері мен дәрігерлік мекемелердің жай-күйіне назар аударды. Республика бойынша олардың кейбірі күрделі жөндеуді немесе жаңа ғимараттар салуды қажет етеді. Ауыл тұрғындары сенаторлармен жүздесулерде ауылдағы жұмыспен қамту тақырыбын қозғады. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының басшылары білікті жас мамандардың жетіспейтінін тілге тиек етті.

«Ауылға жоғары білімді жас мамандарды тартуда көптеген проблема бар. Бізде "Дипломмен – ауылға" бағдарламасы өте жақсы, бірақ, өкінішке орай, бұл бағдарламаның орындалу сапасы төмен», - деді сенатор Ақылбек Күрішбаев.

Парламентшілер аграрлық жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандардың 100%-ның тек 30%-ы ғана ауылға оралатынын атап өтті. Еліміздің көптеген ауылдарында осыған ұқсас жағдай қалыптасып отыр. Бірақ "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасының арқасында ауылдық елді мекендер жандана бастады - әлеуметтік нысандар қалпына келтірілуде және жаңа жұмыс орындары ашылуда, сондықтан ауыл тұрғындары осы бағдарламаны одан әрі жүзеге асыруға үміттеніп отыр.

125 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Тоқаев премьер-министрге бірқатар тапсырма берді
Келесі мақала Айжан Есмағамбетова қандай қызметке тағайындалды?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *