Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Қазан, 2020

Қымбатқа бағаланған динозавр қаңқасы

Париж қаласында сатылымға шығарылған аллозаврдың қаңқасы 3 миллион еуроға (шамамен 1,5 млрд теңге) сатылды. Бұл Друо сауда үйінде қойылған лоттың алғашқы бағасынан екі есе көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Сүйегінің 70 пайыздайы сақталған қаңқаның биіктігі үш метрден биі, ұзындығы шамамен он метр. Динозавр қаңқасының жасы 150 миллион жыл. Ең ірі жыртқыштың бірінің қаңқасын сатып алған адамның есімі аталмайды. Антиквариат сарапшылар соңғы уақытта динозавр сүйектеріне ерекше қызығушылық туып отырғанын айтады.

«Осындай затты сатып алуға қызығушылық танытқан жекеменшік мұражайлар аз емес, себебі бұл өте қызықты әрі сирек экспонаттар. Ол үйлерінде осындай қаңқаны сақтап жүруге құмар жекеменшік сатып алушыларды да қызықтырып отыр», - деп атап өтті бәссаудашы Александр Жикелло.

Динозаврға қызығатындардың көп екенін өткен аптада Нью-Йорктегі Christie's бәссаудасында орнатылған рекордтан да көруге болады. Телефон арқылы өткен сауда кезінде Оңтүстік Дакотадағы Блэк Хиллс геологиялық зерттеу институтында сақталып келген Стэн есімді тираннозавр 32 миллион долларға сатылып кетті.

460 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз