Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 15 Қазан, 2020

Әлімханұлы бокстан шеттетілді

Кәсіпқой рингте жеңіліс дегеннің не екенін білмейтін орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (9-0, 5 КО) өткен аптада кезекті жеңісіне қол жеткізгеннен кейін жекпе-жек өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com бокс статистикасы порталының хабарлауынша, Невада штатының атлетикалық комиссиясы 27 жастағы қазақстандықты осы жылдың 24 қазанына дейін жекпе-жектен шеттеткен. Ол нокаутқа жіберген аргентиналық Гонсало Кориа (16-4, 6 КО) 9 желтоқсанға дейін дисквалификацияланды.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Гонсало Кориа арасындағы Лас-Вегаста Қазақстан уақытымен 10 қазан күні өткен жекпе-жек екінші раундта қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

1005 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз