Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Қазан, 2020

Атырау облысында 977 оттегі концентраторы бар

Атырау облысында 224 жасанды тыныс алу аппараты мен 977 оттегі концентраторы бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, медициналық көмекке жүгінгендерге 7 995 дәрігер қызмет көрсетеді. Оның ішінде 7 091 медицина қызметкері мемлекеттік емдеу ұйымдарында жұмыс істейді.

«Атырау облысындағы медициналық мекемелерде 7 995 медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың арасында жекеменшік клиникалардың 904 медицина қызметкері бар. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары халыққа көмек көрсету үшін 224 жасанды тыныс алу, 27 рентген, 10 компьютерлік томография аппаратымен қамтылды. Сондай-ақ, өңірде 977 оттегі концентраторы мен 1000 пульсокисметрмен қамтамасыз етілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, Атырау облысында 400 орындық 2 модульдік аурухананың құрылысы жүруде. Атырау қаласындағы 200 орынға арналған модульдік аурухананы пайдалануға беру қазан айына, ал Құлсары қаласындағы 200 орындық осындай аурухана қараша айына жоспарланып отыр.

 

702 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз