Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 16 Қазан, 2020

Жетістікке жету: 30 кеңес

 
Əрбір табысты кəсіпкердің жетістікке жетуде өзіндік құпиялары болады. Бірақ табысқа жетудің кез келген адамға көмегі тиетін əмбебап нұсқаулығы да бар.  Business Insider басылымы осындай пайдалы кеңестер тізімін жасапты. Қысқаша қазақшаға аударып ұсынып отырмыз. Сіздің де мақсатыңызға жетуіңізге пайдасы тиері сөзсіз. 
 
1. Жақсы көретін ісіңізді (хоббиіңізді) жұмысқа айналдыру міндетті емес, бірақ жұмыс энтузиазммен жасалуы керек. Егер жұмысыңыз сіз үшін маңызды болса, əрбір жұмыс күніңіз сізге тек рахат сыйлайды. 
 
2. Егер жұмысыңыз сізді шабыттандырмаса, артық тұстары туралы ойлаңыз. Мəселен, жұмысыңыздың жоғары жалақысы мен бонустары отбасыңыздың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп тұруы жəне сізге жақсы стимул беретін артықшылықтары болуы мүмкін.
 
3. Айналаңызда тек позитив ойлайтын адамдар болсын. Сонда  сіз жақсы нəтижеге қол жеткізесіз.
 
4. Уақытыңыздың көп бөлігін  жетістікке жететін, өнімді жұмысқа арнасаңыз онда  сіз бақытқа да жылдам қол жеткізесіз.
 
5. Немесе керісінше. Егер көп уақытыңыз қатеңізді жөндеуге кетіп жатса, онда сəтсіздіктер көбейе түседі. 
 
6. Жаңа дағдылар игеріңіз жəне оқу, үйрену  процесі кезінде  сабырлы болыңыз. 
 
7. Өз жолыңды табудың жалғыз жолы - үздіксіз жаңа нəрсе үйрену. 
 
8. Жаңа дағдыларды үйрену барысында алғашында  көптеген қателіктерге ұрынатыңызға дайын болыңыз. 
 
10. Өз қателіктеріңізге сабырмен қарасаңыз, жаңа нəрсені жылдам меңгересіз. 
 
11. Аздан бастаңыз. Біртіндеп дамытасыз. 
 
12. Алдымен қарапайым іс-əрекеттен бастап,  күрделіге қарай өтіңіз. 
 
13. Əрқашан өзіңізбен жұмыс істеуді тоқтатпаңыз. Техникалық дағдылармен қатар көшбасшылық қасиеттеріңізді де дамытып отырыңыз. 
 
14. Қашан тоқтау керек екенін ешкім үйретпейді. Сондықтан қандай жағдайда да шешім қабылдайтын өзіңіз боласыз. Шешім қабылдап үйреніңіз. 
 
15. Егер сіз жасап жатқан жұмысыңыздың нəтижелі болатынына сенімді болсаңыз, жетістікке жету жолдарын білсеңіз, өзіңізге сеніңіз жəне орта жолда тоқтап қалмаңыз тіпті айналаңыздағы адамдар сізді есінен адасқан адам деп санаса да тоқтамаңыз
 
16. Естен адасу - бұл бастаған жұмысты бұрынғы  əдісіңмен айналадағылардың сөзіне құлақ аспастан  жалғастыра беру жəне жоғары нəтиже күту деген сөз. Егер нəтиже нашар болса, өзгерістер енгізіп, қайта жасауға тырыс. 
 
17. Ешкім жалғыз табысқа жете алмайды. 
 
18. Көмек сұраңыз. Сізге қандай көмек керек екенін нақтылап  алыңыз сонда көмектескен адамға шын жүректен риза боласыз. 
 
19. Адамдардың қабылдауы бірдей емес. Екі адам бір конференцияға қатысып, екі түрлі əсер алуы мүмкін. Осы жағдайды өз мүддеңізге пайдалануға тырысыңыз. 
 
20. Əралуандықтан бас тартпаңыз. Өз кемшіліктеріңіздің орнын толтыру үшін қолынан іс келетін əртүрлі адамдарды жинап, команда құрыңыз. 
 
21. Адамдармен əркез сыйластықта болыңыз, тіпті өзіңізге ұнамайтын адам болса да сыйластықпен қарым-қатынас жасаңыз. 
 
22. Сіз қанша табысты болсаңыз да əркез сізден де табысты адам болатынын ұмытпаңыз. 
 
23. Сол сияқты сізбен салыстырғанда жетістігі аз адамдар да болады. 
 
24. Сізде уақыт, ақша, шебер мамандар сияқты кəсібіңізді дамытуға керек ресурстар үнемі толық бола бермейтінін естен шығармаңыз. 
 
25. Бірақ ресурстың жетіспеушілігі табысқа жеткізбейді деп қол қусырып қарап отыруға болмайды. Бұл мəселені шешудің жаңа жолдарын іздеуге итермелейді. Креативті шешімдер қабылдаңыз. 
 
26. Креативтілік пен инновация - əдеттегі жұмыстарды жаңа əдіспен іске асыруға зор мүмкіндік.
 
27. Компанияны жаңадан құрып жатқан кезде, жобаңызды енді бастағанда немесе мансабыңыздың алғашқы баспалдақтарында сізге көп нəрсемен келісуге тура келеді. Ал жұмыстың соңғы этапында "жоқ" деп айтуға мəжбүрсіз. 
 
28. Жұмысыңызға сын айтылады жəне айтылуы керек.  Оған бола еңсеңізді түсірмеңіз. Сынның ішіндегі шынайысын екшеп алыңыз да, сол кемшілікпен жұмыс істеңіз. Бос қаралауларға мəн бермеңіз. 
 
29. Сол сияқты мақтауларға да мақтанып, мастанбаңыз. 
 
30.  Мақтауға да, даттауға да терең мəн беріп, өзіңізге өзіңіз зиян жасамаңыз. Бəрін де қалыпты дүниедей қабылдаңыз.
 
Аударған: Айнұр Əкімбайқызы

1833 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз