Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 16 Қазан, 2020

Есте қалай қалғыңыз келеді?

Көп жылдар бұрын бір ер кісі таңертеңгі газет жаңалықтарын оқып отырып, газеттің қазанама жазылатын бұрышынан өзінің есімін көріп қалады. Газет тілшісі қайтыс болған адамның атын шатастырып қате жазып жіберген тəрізді. Əлгі кісі өзінің қазасы туралы оқып, өз көзіне өзі сенбей бір сəт сілейіп отырып қалады. Бір кезде есін жинап, қазанамаға өзі туралы адамдардың не  жазғанын оқи бастайды.
"Динамит патшасы өмірден озды", "Ол өлім сатушы саудагер еді" деп жазылыпты. Бұл соғыс қаруы динамитті ойлап тапқан өнертапқыш  болатын. "Өлім саудагері еді"  деген сөз қатты əсер етіп: "Мені осылай еске сақтай ма жұрт?"- деп өз-өзіне сұрақ қойып, ұзақ ойланады. Өзінің ел есінде бұлай қалғысы келмейтінін ұғып, өзгеруге шешім қабылдайды.
Сол күннен бастап жер бетінде тек бейбіт өмір орнату мақсатында жұмыс істеуді бастайды. Оның есімі Альфред Нобель болатын. Бүгінде оны адамзат əлемдегі беріліп келе жатқан ең үлкен, ең беделді сыйлық арқылы еске алады.
Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері  жер шарының түкпір-түкпірінен физика, химия, медицина, əдебиет саласында ең жоғары жетістікке жеткен ізгі ниетті адамдарға тағайындалып келе жатыр. Сыйлық туралы өсиетнама 1895 жылы Альфред Нобельдің соңғы кітабында жазылған еді. Онда байлығының басым бөлігін Нобель сыйлығы үшін қалдыратынын жəне сыйлықтың адамдардың жоғары ғылыми тәжірибелер, төңкерістік жаңалықтар, мәдениет және қоғамның дамуына қосқан үлкен қызметтері мен əлемдегі  бейбітшілікті күшейтуге қосқан үлестері  үшін берілетінін  өсиет еткен.
Тəмсіл тағылымы:  бəрін басынан бастау ешқашан кеш емес.
 
Alltimeshortstories.com
Аударған: Айнұр Əкімбайқызы

1047 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз