Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Қазан, 2020

Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылы өтуі мүмкін

Қырғызстанда парламенттік сайлау биыл 20 желтоқсанда, ал президенттік сайлау 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін. Бұл туралы Орталық сайлау комитетінің басшысы Нұржан Шайлдабекова хабарлады. Айтуынша, Жоғорку Кенеш сайлауы екі ай ішінде өткізілуі тиіс. Еске сала кетейік, 6 қазанда болған жаппай тәртіпсіздіктерден соң Қырғызстанның орталық сайлау комитеті парламент сайлауы нәтижелерін жарамсыз деп таныды. Ал қазанның 15-інде ел президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетті. Қырғыз конституциясына сәйкес, президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік Жогорку Кенештің төрағасына өтеді. Алайда ол одан бас тартты. Айта кетейік, бүгін Қырғызстан парламенті ел астанасы Бішкекте төтенше жағдай режимін жойды. 
 
                                                                            24.kz

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз