Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қазан, 2020

Алматыда Kaspi Bank бөлімшесі тоналды

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қазан күні 18:00 шамасында болған.

«Алматыда қаруланған екі қарақшы Kaspi.kz филиалына шабуыл жасады. Жұмыс күні аяқталуға жақын қалғандықтан, банк бөлімшесінде клиенттер болған жоқ. Белгісіз адамдар банк қызметкерлерін қарумен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша 2 млн теңгені алып кеткен. Абырой болғанда, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл соғыла салысымен, көп ұзатпай келді. Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп әрекет жасауда. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазаланады», – деп хабарлады полициядан.

412 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз