Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қазан, 2020

Елордада қоғамдық көліктер қозғалысы 18 қазанда тоқтатылады

18 қазанда, жексенбі күні карантин шараларының күшеюіне байланысты қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Дүйсенбі, 19 қазаннан бастап автобустар әдеттегідей жүретін болады.
Сондай-ақ, City Transporation Systems автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынғаны туралы еске салды. Жолаушылар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек.

Сонымен қатар, компания қоғамдық көліктерде тазалау мен санитарлық өңдеуге күнделікті негізде ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

"Сондай-ақ, соңғы аялдама пункттерінде жүргізушілер өздері дезинфекциялық ерітіндімен ылғалды тазалау жүргізеді. Жолаушылар жиі ұстайтын тұтқаларды, турникеттерді тазалауда ерекше назар аударылады.
Айта кету керек, елорданың қоғамдық көліктерін санитарлық өңдеу үшін құрамында хлор бар дезерітінді қолданылады", – деп түсіндірді City Transporation Systems.

Бұдан басқа, көлік бақылау департаметі мен бақылау-Желілік қызметінің қызметкерлері күн сайын тексеруге шығып, жолаушылар мен қоғамдық көлік жүргізушілерінің маска тағу режимін қадағалайды. Автобустарда жол жүру тек қолма-қолсыз төлем тәсілімен жүргізіледі.

145 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адамға жетті
Келесі мақала Алматыда инвестициялық жобалар аясында 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *