Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қазан, 2020

Алматыда инвестициялық жобалар аясында 6 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин хабарлады.
 
"Пандемия және карантиннің шектеулі шараларына байланысты туындаған экономикалық дағдарысқа қарамастан, оң динамика және жалпы қалаға инвестициялардың тұрақты өсуі байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9 айда 608,2 млрд. теңгені құрап, 12,5% - ға артты", - деді Е.Оразалин.
 
Сондай – ақ, негізгі қаржыландыру көздері инвесторлардың өз қаражаты болып табылады-66,7% (405,6 млрд.теңге).
 
Инвестициялардың негізгі көлемі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (271,6 млрд.теңге, нақты көлем индексі - 138,8%), өнеркәсіпке (86,8 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 124,5%), қаржылық және сақтандыру қызметіне (41 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 106,5%), денсаулық сақтауға және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге (26,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі - 258,5%) тиесілі болды.
 
2020 жылы 94,6 млрд.теңге сомасына 27 жоба пайдалануға беріледі, қалған жобалар бойынша жоспарланған инвестициялар көлемі 217,7 млрд. теңгені құрайды. Жалпы, жобаларды іске асыру барысында ағымдағы жылы 6 000-нан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
 
Бұдан басқа, инвесторларды Алматының Индустриялық аймағына, "инновациялық технологиялар паркі"арнайы экономикалық аймағына тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласының әкімдігі АТП АЭА базасында фармацевтикалық кластер құру туралы мәселесіне қатысты бастама көтерді.

549 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз