Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қазан, 2020

Қазақстанда тағы бір университет лицензиясынан айырылды

ҚР Білім және ғылым министрлігі тағы бір жоғары оқу орнын – академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін (Шымкент қ.) бас лицензиясынан айырды. Шешім жоғары оқу орнында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бірнеше рет өткен тексерулерден кейін қабылданды, деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты да оқу орнын бас лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды, шешім 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы кезеңде академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлікке де шағымдануға құқылы.

Орын алған бұзушылықтар оқу үдерісін ұйымдастыру, талапкерлерді оқуға қабылдау, ЖОО-ны оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру төңірегінде болған.

Студенттер оқу семестрінің аяқталғанын күтпей-ақ басқа ЖОО-ларға ауыса алады. Студенттердің барлық оқу көрсеткіштері басқа ЖОО-ларға ауысқан кезде жарамды болады. Ақылы негізде оқитындар үшін оқу құны бұрынғы деңгейде қалады. БҒМ өз тарапынан көмектеседі.


634 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз