Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қазан, 2020

Қазақстанға келген 276 жолаушы карантинге жатқызылды

17 қазанға қараған түні елімізге 16 әуе рейсі келді. Оларда жалпы 1 527 жолаушы болған, оның ішінде коронавирусқа анықтамасы бар - 1251, анықтамасы жоқ - 276.

Оның ішінде: - Нұр-Сұлтанда алты рейс, жалпы 656 жолаушы, анықтамасы бар - 528, анықтамасы жоқ - 128; - Алматыда - тоғыз рейс, 764 жолаушы, анықтамасы бар - 622, анықтамасы жоқ-142; - Ақтауда - бір рейс, 107 жолаушы, анықтамасы бар - 101, анықтамасы жоқ - алты.

 "Қазақстандықтардың 82 пайызы анықтамамен келген. Коронавирусқа анықтамасы жоқ адамдар ПТР тесттен өту үшін екі күндік карантинге жатқызылды", - деді көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін кейінгі тәулікте (16 қазандағы деректер бойынша) Қазақстанда 100 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болды. Ал 17 қазандағы жағдай бойынша, елде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның тағы 158 жағдайы анықталды.

 

301 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз