Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қазан, 2020

Елордада Журналистер үйі ашылады

Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті.

Кездесу барысында журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған журналистердің баспанамен қамтылуына септесу жолдары қаралды. Әкімдік пен кәсіподақ осы бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болып келісті.

​ ​ ​ ​ ​ Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы елордада Журналистер үйін ашу жайын көтерді. «Қазір журналистердің бас қосып, өздерінің мәселелері мен ұсыныстарын, идеяларын талқылайтын арнайы жеке орны жоқ. Мұндай орталық қалам ұстаған қауымның ынтымағын арттыра түсер еді», - деді Зейін Әліпбек. Бұл ұсынысты қолдаған қала әкімі қаладан орынжай қарастыратынын айтты.

​ ​ ​ ​ ​ Кәсіподақ басшысы тарапынан жасалған аталған ұйым мүшелерінің қаладағы спорттық нысандар қызметін тегін пайдалануына жағдай жасау туралы ұсыныс та әкім тарапынан қолдау тапты.

​ ​ ​ ​ ​ Кездесудің нәтижелі болғанын айтқан кәсіподақ төрағасы Зейін Әліпбек қала әкімі А.Көлгіновке қолдауы үшін алғысын білдірді.

Елордада Журналистер үйі ашылады!

Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті. Кездесу барысында журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған журналистердің баспанамен қамтылуына септесу жолдары қаралды. Әкімдік пен кәсіподақ осы бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болып келісті.

​ ​ ​ ​ ​ Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы елордада Журналистер үйін ашу жайын көтерді. «Қазір журналистердің бас қосып, өздерінің мәселелері мен ұсыныстарын, идеяларын талқылайтын арнайы жеке орны жоқ. Мұндай орталық қалам ұстаған қауымның ынтымағын арттыра түсер еді», - деді Зейін Әліпбек. Бұл ұсынысты қолдаған қала әкімі қаладан орынжай қарастыратынын айтты.

​ ​ ​ ​ ​ Кәсіподақ басшысы тарапынан жасалған аталған ұйым мүшелерінің қаладағы спорттық нысандар қызметін тегін пайдалануына жағдай жасау туралы ұсыныс та әкім тарапынан қолдау тапты.

​ ​ ​ ​ ​ Кездесудің нәтижелі болғанын айтқан кәсіподақ төрағасы Зейін Әліпбек қала әкімі А.Көлгіновке қолдауы үшін алғысын білдірді.

 

246 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматы облысында карантин күшейтілді
Келесі мақала 197 адам пневманияға шалдығып, 1 науқас қайтыс болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *