Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 18 Қазан, 2020

Варшава кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

36-Варшава халықаралық кинофестивалінде қазақстандық картинаның әлемдік премьерасы өтті.

Шәріповтың «18 килогерц»  фильмі Варшавада өткен кинофестивальдің Гран-приін жеңіп алды.

«Фильм барлық марапатқа лайық. Өте күшті және сенімді. Қазылар алқасы бір минут ішінде  бірге көрген 16 фильмнің қайсысы жақсы екеніне күмәнданбады. Қазылар алқасының әр мүшесі әрқайсысына ұнайтын үш фильмнің тізімін жасады. Біз өз тізімімізді оқығаннан кейін қай фильмге сыйлық беру керегі туралы дауласпайтынымызды түсіндік, өйткені барлығы 1-ші орында «18 килогерц» тұрды», – деп атап өтті халықаралық қазылар алқасының мүшелері.

Картинада 90-жылдардың аяғындағы жасөспірімдердің өмірі туралы баяндалады. «18 килогерц – бұл ересектер естімейтін дыбыс жиілігі. Фильм жасөспірімдердің проблемаларына арналған. Жыл сайын өсіп келе жатқанда, жастардың проблемаларын, жасөспірім кезіңізде шешілмейтін болып көрінетін мәселелерді түсіну қиынға соғады. Бұл фильммен мен мұның бәрін еске салғым келді», – деді Шәріпов.

 

448 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз