Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Қазан, 2020

Ұлытауда жақын күндері сапар орталығы ашылады

Қазір нысанның құрылысы толық аяқталған. Тек маңайын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда киелі мекенге қыдырып келетін туристер үшін барлық жағдай жасалған. Ғимараттың ақпарат залында кәсіби мамандар қонақтарға Ұлытау туралы мағлұмат береді. Арнайы экраннан танымдық роликтерді тамашалауға болады. Ішінде қонақ үй, тіпті балаларға арналған ойын бөлмесі бар. Ал екінші қабатта орталық кітапхана мен мұражай орналастырылған. Орталық бір мезгілде 100 адамды қабылдай алады екен. Игі жобаны жүзеге асыруға қазынадан 500 миллион теңге қаржы бөлінген. "Ұлытау" ұлттық тарихи-табиғи қорық мұражайының директоры Бақтияр Қожахметовтың айтуынша, бірінші кезекте туристердің саны көбейеді. Келген туристерге сапалы қызмет көрсетіледі. Сонымен бірге жергілікті халыққа жұмыс орындары ашылады, жергілікті бюджетке табыс көзі болады. Ұлытау – қасиетті, киелі жер. Әулиетауға зиярат етіп келген кісілерге бүкіл жағдай жасалады.

                                                               24.kz

687 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз