Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 18 Қазан, 2020

Ангела Меркель: Жағдайымыз бірінші толқыннан да қиын

Германия президенті Франк-Вальтер карантинде отыр.  Жеке күзет қызметкерлерінің бірінен коронавирус табылғаннан кейін ол осы талапқа бағынды. Бірден ПТР тапсырған, алайда қауіпті вирус анықталмаған. Жақын арада ел президенті қайта тест тапсырады. Күдігін сейілтіп, жұқпалы дертті терістесе жұмысқа қайта оралады. Бірақ оған дейін қызметін қашықтан атқара береді. Соңғы күндері Германияда коронавирус күшіне мініп тұр. Мысалы, кеше 8 мыңғы жуық тұрғыннан қауіпті вирус анықталған. Бұл – енді тіркелген дерек тұрғысынан алғанда жаңа антирекорд. Мұндай жағдай тіпті көктемде де болмаған. Канцлер Ангела Меркель халыққа үндеу жариялап, қауіпсіздік мәселесіне аса мән беруге шақырды. Отбасылық мерекеден бас тартуға кеңес берді. Себепсіз көшеге шығу азаматтардың өзі үшін де, қоғам үшін де қауіпті екенін ескертті. 
Ангела Меркель, Германия канцлері: 
– Вирус тез тарап жатыр. Тіпті жағдайымыз бірінші толқыннан да қиын дер едім. Алда күрделі кезең күтіп тұр. Соны сезінуіміз керек. Және өзімізге үлкен жауапкершілік жүктелуі тиіс. Мейлінше оқшау болсақ, соғұрлым індетті тежеуге өріс ашылады. Кез келген уақытты өз пайдамызға шешуіміз керек. Маған жұққан жоқ деген көңіл күйден арылып, жұқтырып алмаудың жолын іздеу керек. Ол ұғынықты жол, бір бірімізге құрметпен қарайық. Санаға салайық. Жеке қауіпсіздікті шыңдайық. Қиын емес қой. Париж көшелерінде кісі азайды. Жүргіншілер жоқтың қасы. Жуырда ел президенті Эммануэль Макрон қалаларда түнгі уақыттарда коменданттық сағат енгізілгені жайында бұйрыққа қол қойған. Коронавирустың кең тарай бастағаны жергілікті биліктің жедел шешім қабылдануына себеп болды. Коронавирустың өршуіне көбіне ойын-той себеп болатынын алға тартқан Макрон отбасылық мерекелерді кейінге ірке тұру тиімді екенін атап айтты. Өйткені жақын арада ауруханалар науқастарды орындардың толып кетуіне байланысты қабылдай алмайтынын тілге тиек етіп, жұртты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Кейбір азаматтар әлгі ескертуге шекеден қарайтын секілді.

                                                     24.kz

433 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз