Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Қазан, 2020

Ақтөбеде орман алқабына ағаштар егілді

Биыл Ақтөбеде орман алқабындағы 927 га жерге ағаш егілді. Шығымы 67 пайызды құрады.

Ақтөбе облысында көгалдандыру жұмысы жүріп жатыр. Сонымен бірге орман алқабының көлемі де ұлғайып келеді. «Ақтөбеде жеті орман шаруашылығы бар. Жалпы аумағы 215 мың га асады. Оның 49 мың га астамы орманмен көмкерілген. Биыл қосымша 823 га қосылып, алқап аумағы 50 мың га асты», - деді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Ғабит Қылышбаев. Әлі күнге дейін өңірдегі 77 мың га аумақ мемлекеттік орман қоры аумағына алынбаған. Жер телімін қайтару мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбірі шаруашылықтардың иелігіне өтіп кетсе, кейбірі әлі күнге дейін бос жатыр. «Аумақты қорғау алып, күтім жүргізу керек. Көбіне өрттен қорғау жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге зиянкестерге қарсы бақылау жүргізіледі. Қазіргі кезде 6 мың га орман шаруашылығының иелігіне өтті. Жұмыс жалғаса берсе, орманмен көмкерілген алқап көлемі артады», - деді Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Ғабит Қылышбаев. Көшет егілген тәлімбақ аумағы Ақтөбеде 215 га құрайды. Мұнда жергілікті ауа райына қолайлы көшет отырғызылып, таратылады. Топырақ зерттеу, көшет отырғызудың өз технологиясы сақталуы тиіс. Бұл жұмыс Ақтөбедегі 7 орман шаруашылығында еңбек ететін 400-ге жуық адамға жүктелген.

Қазақпарат

976 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз