Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Қазан, 2020

Үш бағыт бойынша   589 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Биыл жыл басынан бері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалдары «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы үш бағыт бойынша 589 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Мәселен, «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы халықаралық, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан бөлінген белдеуінде орналастыруға құжат беру» пунктісі бойынша 120 мемлекеттік қызмет жүзеге асқан. Бұдан бөлек, ұлттық компаниямен «халықаралық жəне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс жəне электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ және су құбырларымен, теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен жəне коммуникациялармен қиылысып өтуіне рұқсат беру бойынша 304 қызмет көрсетілді. 165 мемлекеттік қызмет кірме автожолдары мен жол тораптарының құрылысына келісім алу бағытында іске асқан.  

Айта кетейік, Қазақстанда автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызметтер ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуде. (egov.kz және elicense.kz).

345 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз