Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Қазан, 2020

Ассамблея этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері өкілдеріне арналған практикалық семинар-тренингі өтті.

ZOOM платформасы арқылы онлайн-форматта ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – этномәдени бірлестіктердің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету. Іс-шара шеңберінде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл тетіктері, жанжалдарды шешу мәселелері қаралды.

Семинар-тренингте  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова «Интермәдениеттілік және жанжалдардың алдын алу» мәселесін қозғады. Спикер айтуынша, қазіргі әлем қалыптасқан қоғамдардағы этникалық, діни, мәдени көріністің күрделенуіне әсер ететін жаһандық және көші-қон процестерінің күшеюі кезеңі ретінде сипатталады. Әлемдік қоғамдастық мәдени интеграцияны қазіргі заманның сын-тегеуріндерінен өту және нақты даму модельдеріне шығу мүмкіндігі ретінде қабылдайды деп түсіндірді ол.

Спикер коммуникация құралы – тіл мәселесіне де тоқталды. Мемлекеттік тіл адамның мәртебесін және мемлекеттің бірегейлігін айқындайтынын атап өтті.

Айгүл Сәдуақасова мемлекеттік тіл біртіндеп этносаралық қатынас тіліне айналуы тиіс екенін алға тартты. Бұған, яғни мемлекеттік қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне ғаламтор арқылы байланыс жасау және Қазақстанда қазақ тілін қолдану аясын кеңейтетін жаңа буынның өсіп-жетіліп келе жатқаны ықпал етеді.

- Соған байланысты біздің танымдық және эмоционалдық әлеуетіміздің маңызы зор, соның негізінде біз қазақ тіліне, құндылықтары мен мәдениетіне қатысты оң дискурс қалыптастыра аламыз. Және қазір бізден талап етілетін ең маңызды нәрсе – дәл осындай инклюзивті тілдік кеңістік құру, - дейді Айгүл Сәдуақасова.

Ал жанжалдарды шешу мәселесі бойынша Айгүл Сәдуақасова бірнеше теорияны келтірді. Ол адамдар кейде әртүрлі ресурстарға: аумаққа, суға, ақшаға, мұнайға байланысты жанжалдасуы мүмкін екенін атап өтті. Түсініспеушілік белгілі бір әрекеттердің немесе біреудің саясатының нәтижесінде зор үмітіңнің ақталмай қалуынан пайда болуы мүмкін. Спикердің пікірінше, келіспеушіліктер мен жанжалдарды шешу үшін коммуникация көздерінің ашық болуы маңызды.

Әлеуметтік желілерде тікелей трансляция жасайтын онлайн іс-шараларды (конференциялар, дөңгелек үстелдер, концерттер, сабақтар, дәрістер және т.б.) ұйымдастыру бойынша шеберлік сабағын өткізген ҚХА Кеңесінің мүшесі, ҚХА LIVE жобасының жетекшісі Шавкат Исмаилов қатысушыларға заманға ілесе отырып, жаңа технологиялар мен бағдарламаларды қолдану, ғаламтор әлемінде сапалы контент ұсыну, интернет-ресурстарда жұмыс істеу тәсілдері туралы тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, семинар барысында Ассамблеяның әлеуметтік-маңызды және мәдени-ағартушылық жобаларын іске асыруды көздейтін «Қоғамдық келісім» мекемелерінің этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл жоспарлары талқыланды.

Сөз соңында іс-шараны қорытындылаған ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы Хадиша Ерсейітова қазіргі таңда «Қоғамдық келісім» мекемесі бірнеше бағыт бойынша тұжырымдамалар әзірленгенін жеткізді. Олар: «Жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру», «Қазақстандық этностардың әралуандығын рухани-мәдени тұрғыдан танымал ету», «Көп этностық Қазақстан – ұлттық бірліктің қалыптасу жағдайындағы этномәдени генезис» және «Этносаралық ортада жанжалды көріністерді қабылдамауға бағытталған әлеуметтік ұстанымдарды әзірлеу арқылы медиация институтын дамыту». Аталған жобалар этномәдени бірлестіктердің қатысуымен іске асатын болады.

Хадиша Ерсейітова 2019 жылы алғаш рет этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу жүргізілгенін атап өтті. Нәтижесінде еліміздің 17 өңірінен барлығы 367 ЭМБ тіркеуден өтті.

– 17 өңірден 367 ЭМБ аккредиттеуден өтсе, оның ішінде 14-і республикалық, 42-і филиалдар мен өкілдіктер, 311-і жергілікті бірлестіктер. Олардың барлығы «assembly.kz» порталында орналастырылған ҚХА тізіліміне енгізілді, - деді ол.

 

482 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз