Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қазан, 2020

Қарулы Күштерде полигондарды жаппай тазарту жүргізіледі

Қорғаныс министрлігінде өткен аппараттық кеңесте әскерлерді тексеру қорытындылары шығарылып, жаңа оқу жылына дайындық бойынша нұсқаулар берілді.

Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары мен әскерлер қолбасшылары бағынысты құрамалар мен бөлімдерді қорытынды тексерудің аяқталғаны туралы баяндады. Жеке құрамның, әсіресе атыстарды орындау және жауынгерлік машиналарды жүргізу мәселелерінде кәсіби деңгейінің өскені атап өтілді. Тексеру барысында алынған бағалар жыл қорытындысы бойынша әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік беру үшін негіз болады, оған сәйкес ақшалай үстемеақылар есептеледі.

Енді бір ай көлемінде желтоқсанда басталатын жаңа оқу жылына дайындық бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев тәжірибелік оқ атудан кейін қалған оқ-дәрілердің фрагменттерінен жаппай тазалау жүргізу қажет полигондар мен оқу-жаттығу алаңдарына назар аударды. Бұған арнайы техникасы бар штаттық инженерлік-саперлік бөлімшелер тартылатын болады.

Бұдан бөлек, оқ атуға және жүргізуге тартылған оқу-жауынгерлік техникаға регламенттік қызмет көрсетуді жүргізу бойынша міндеттер қойылды. Жаңа оқу жылына  ол жеке құраммен сабақ өткізуге дайын болуы керек.

Қорғаныс министрі оқу-әдістемелік жиындарды өткізуде барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жабық үй-жайларда адамдардың жиналуына жол бермеуді тапсырды.

Бас әскери-медициналық басқармаға Нұр-Сұлтан қаласында Қарулы Күштердегі екінші ПТР-зертхананы жедел іске қосу жөнінде нұсқаулар берілді. Бұл жеке құрамды коронавирустық инфекцияға тексерумен кеңінен қамтуға, емдік және профилактикалық сипаттағы шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді. Алғашқы зертхана Алматыда осы жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді. Екі зертхана да әскерге тегін көмек туралы уағдаластықтардың арқасында жеткізілді. Бұл бюджет қаражатының жұмсалуына әкеп соқпады.

Әскери бөлімдерде Төтенше жағдайлар министрлігімен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бірлескен тексеру ұйымдастырылды. Ең алдымен маңызды нысандар – қоймалар, арсеналдар, жанармай құю бекеттері тексеріледі. Командирлер аталған тексеруді сапалы жүргізу, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдау міндетін алды.

         Қысқы кезең қарсаңында әскери және жеке автокөліктердегі жол қозғалысының қауіпсіздігіне назар аударылды. Гарнизондарда әскери-жол полициясы қызметкерлерінің әскери техника жүргізушілерімен және автоәуесқой әскери қызметшілермен нұсқаулық-әдістемелік жұмысы ұйымдастырылады.

115 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала Ассамблея этномәдени бірлестіктерге арналған семинар-тренинг өткізді
Келесі мақала Регбишілеріміз Шымкентте дайындалады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Eric Jones

22 Қазан, 2020

My name’s Eric and I just came across your website - kazgazeta.kz - in the search results. Here’s what that means to me… Your SEO’s working. You’re getting eyeballs – mine at least. Your content’s pretty good, wouldn’t change a thing. BUT… Eyeballs don’t pay the bills. CUSTOMERS do. And studies show that 7 out of 10 visitors to a site like kazgazeta.kz will drop by, take a gander, and then head for the hills without doing anything else. It’s like they never were even there. You can fix this. You can make it super-simple for them to raise their hand, say, “okay, let’s talk” without requiring them to even pull their cell phone from their pocket… thanks to Talk With Web Traffic. Talk With Web Traffic is a software widget that sits on your site, ready and waiting to capture any visitor’s Name, Email address and Phone Number. It lets you know immediately – so you can talk to that lead immediately… without delay… BEFORE they head for those hills. ==> https://www.talkwithwebtraffic.com to try out a Live Demo with Talk With Web Traffic now to see exactly how it works. Now it’s also true that when reaching out to hot leads, you MUST act fast – the difference between contacting someone within 5 minutes versus 30 minutes later is huge – like 100 times better! That’s what makes our new SMS Text With Lead feature so powerful… you’ve got their phone number, so now you can start a text message (SMS) conversation with them… so even if they don’t take you up on your offer right away, you continue to text them new offers, new content, and new reasons to do business with you. This could change everything for you and your business. ==> https://www.talkwithwebtraffic.com to learn more about everything Talk With Web Traffic can do and start turing eyeballs into money. Eric PS: Talk With Web Traffic offers a FREE 14 days trial – you could be converting up to 100x more leads immediately! It even includes International Long Distance Calling. Paying customers are out there waiting. Starting connecting today by ==> https://www.talkwithwebtraffic.com to try Talk With Web Traffic now. If you'd like to unsubscribe click here https://talkwithwebtraffic.com/unsubscribe.aspx?d=kazgazeta.kz