Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Қазан, 2020

Регбишілеріміз Шымкентте дайындалады

Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Анна Яковлева ұлттық құраманың алдағы жаттығу жиынына қатысты пікірімен бөлісті. 

«Регбиден Қазақстан командасының оқу-жаттығу жиыны 10-25 желтоқсан күндері Шымкент қаласында өтеді. Негізі, біз командамен бірге Түркияда жаттығуды жоспарлағанбыз. Аталған елде дайындыққа жақсы жағдай жасалады, климаты да спортшылар үшін ыңғайлы болған.

Бірақ ел ішінде індеттің өсу қаупі жоғары болғандықтан, шетелге шығуға мүмкіндік жоқ. Біз бұл шешімге түсіністікпен қараймыз. Шымкенттегі жаттығу жиынында спортшылар жалпы физикалық дайындықпен қатар, арнайы матчтарға да көңіл бөледі. Ең бастысы – сол уақытта Шымкентте қар болмайды деп үміттенеміз», - дейді бас бапкер. 

590 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз