Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қазан, 2020

ҚазҰУ-да спикерлердің халықаралық байқауы жарияланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2020 жылдың 15-30 қазан аралығында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты спикерлердің халықаралық байқауын жариялады.

БАЙҚАУДЫҢ НЕГІЗГІ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:

  • «Қайырымды қала» - бүгінгі бақытқа жету кілті»

  • «Әл-Фараби және музыка теориясы»

  • «Әл-Фараби - бақыт философиясы»

  • «Әл-Фараби және әдептілік философиясы»

  • «Әл-Фараби және Абай: идеялар сабақтастығы»

  • «Әл-Фараби және ғылымның қалыптасуы».

 

Байқаудың шарттары:

Байқауға қатысу үшін 2020 жылдың 15 қазанынан 30 қазанына дейін WhatsApp-та тіркеуден өтіп, толық аты жөнін, жасын, номинациясын көрсетіп, байқау номинациясы бойынша 5-7 минутқа дейінгі бейнежазбаны WhatsApp нөміріне жіберу қажет: +77475817489 (Бекенова Жұмагүл).

Байқаудың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конкурсқа қатысушыларға байқаудың ұсынылған номинацияларының біріне видео түсіріп арнайы тапсырманы орындау ұсынылады.

Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар:

1.баяндамашының негізгі тезисі (көзқарасы, идеясы, аргументі) белгіленген кіріспесінің болуы шарт;

2. 2 бөліктен тұратын негізгі бөлім:

1.1. Ең күшті дәлел;

1.2. Сontra дәлел және оны жоққа шығару;

3.Қорытынды бөлім.

Тапсырмаларды қатысушы жеке және өз бетінше, басқа тұлғалардың қатысуынсыз және авторлық құқықты бұзбай орындауы керек.

Бейнежазбалар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының  және әл-Фараби орталығы Instagram: @farabicenter2020 ресми аккаунттарында жарияланады.
Жеңімпаздар екі форматта анықталады: қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру нәтижелері мен лайктар мен пікір қалдыру саны бойынша. 2020 жылдың 30 қазанынан кейін дауыс беру нәтижелерін ескере отырып, қазылар алқасы байқаудың қорытындыларын шығарады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталады. Конкурсанттарға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040 Әл-Фараби даңғылы, 71 

Байланыс телефоны: +77475817489 (Бекенова Жұмагүл)

Instagram: @farabicenter2020

 

1126 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз