Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 20 Қазан, 2020

Корея Қазақстанға көмек жіберді

Корея республикасынан гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы елімізге жеткізілді. Бұл 425 мың долларға бағаланған ПТР-тесттер. Оның көмегімен 38 мың 800 сараптама өткізуге болады. Айдың аяғына дейін жәрдемнің екінші партиясы жеткізілуі тиіс. Бұл 72 оттегі құрылғысы мен науқастарды бақылауға арналған 50 монитор. Тағы бір рейспен 75 мың долларға бағаланған медициналық маскалар келуі тиіс. Осылайша Корея Республикасының үкіметі еліміз үшін 800 мың долларға медициналық құрал-жабдық сатып алды. Бұл екіжақты қатынастар тарихындағы гуманитарлық көмектің ең үлкен көлемі.


891 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз