Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 20 Қазан, 2020

Əрбір мықты ердің артында ақылды əйел тұрады

Мына тәмсілді бұрын естігенім бар еді: Мишель мен Барак Обама кешкі асқа мейрамханаға барады. Сол кезде мейрамхананың иесі президенттің күзетіне Мишельге жеке бір ауыз сөз айтқысы келетінін жеткізеді. Содан кейін Мишель мен ресторан иесінің ортасында әңгіме болады.

Кейін Барак Мишельден:
- Неге бұл адам сенімен сөйлескісі келді?
Мишель:
- Жасөспірім кезімде маған ғашық болған жігіт еді.
Сол кезде Барак:
- Егер оған тұрмысқа шыққанда, осы әдемі ресторанның иесі болар едің, - дейді.
Барактың бұл сөзіне Мишель салмақты түрде:
- Жоқ. Егер мен оған тұрмысқа шыққанда ол президент болар еді.
Бірақ Мишель Обаманың «Becoming. Моя история» кітабында бұл тәмсілдің шынайылығын дәлелдейтін факт болмады. Кітапты оқи келе, бұл оймен келіспейтіндей шара қалмаса да, Мишельдің өзі мұны жоққа шығарады.
Ол тайға таңба басқандай етіп: «Мен Саутсайдтағы кедей отбасынан шыққан қарапайым қара қызбын. Ол барлық қара қыздар сияқты қарапайым, ешкімнен ерекшелігі жоқ. Тек оған дер кезінде керек жерде болу бақыты бұйырды: Саутсайдағы ілгері сыныпқа түсу, Принстонға жеңілдікпен түсу». Мишельдің өміріндегі бұл маңызды сәттер оның мансап жолындағы жеделсаты болды.
Мишель тұлғаның дамуында ең маңызды, ол – білім дегенді нақтылайды. Баракпен екеуінің қарым-қатынасының өрбуіне, тағдырларының қосылуына білім ғана іргетас болды дейді.
Екеуінің жұмыла көтерген жүгінің арқасында мүмкін еместі мүмкін қылды...
Мықты әйелдердің автобиографиясын оқығыңыз келсе бұл кітапты да тізіміңізге қосып қоюға болады.
 
Жадыра Хасанованың инстаграм парақшасынан. 

1660 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз