Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 20 Қазан, 2020

Ағылшын тілі не үшін керек?

Елімізде соңғы жылдары ағылшын тілі тек жай “аксессуар” емес, шынымен де қызмет тіліне айналды. Себебі, ағылшын тілінде жұмыс жүргізетін, құжат алмасатын мекемелердің саны өсіп келе жатыр. Әсіресе, шетелдік алпауыт компаниялардың өңірлік офистары. Кейбір шетелдік мекемелер толықтай құжат айналымды ағылшын тілінде жүргізсе, басқалары жартылай ағылшын тілінде жүргізеді. Факт: ағылшын - ол бизнестің, қызметтің және нағыз іскер ортаның тілі.

 

Сіздің қазіргі қызмет түріңіз бірнеше істен құралатын “рутиналық” іс болса, онда сізді алдағы уақытта робот алмастыруы мүмкін. Мысалы, сіздің жұмыс - өтініштерді қабылдап, мөр басып, қажетті бөлімшелерге жіберу. Қазір «жасанды интеллект» деген дүние бар, бұл роботтың түрі сізге қарағанда жылдамырақ, ақылдырақ, көңіл-күйі бір қалыпты және бастысы 24 сағат бойы аптасына 7 күн қатарынан тынбай еңбек ете береді. Сіздің жұмысты робот тартып алса, басқа мамандық таңдауға тура келеді.

 

“Заманына қарай маманы” демекші, қазіргі кезде жаңа қаншама мамандықтар бар. Адамдар тіпті 15-20 жылдық карьерасын тастап, батыл қадамға барып, мамандық өзгертіп жатыр. Жаңадан программистік python, SQL сияқты кодтаудың тілін үйреніп, веб дизайнерлікке кірісіп UI/UX designer болып бастап жатқандар қаншама?Осы мамандықтарды бастап үйрену үшін де ағылшын тілі керек. Программалау мен кодтаудың өзі “if”, “then” деп басталатын ағылшын тіліндегі сөздерден құралғанын біле жүріңіз.

 

Тым болмаса базалық деңгейде тілді білмесеңіз алдағы 5-10 жылда өте жақсы жалақы төлейтін қызметтен қағыласыз немесе тіпті жұмыссыз қалуыңыз мүмкін. 

 

Тіл  үйренуді кейінге қалдырмай, бүгіннен бастап кетіңіз. 

 
Анар Əбдіманапқызы
Тіл үйрену жолдары туралы кеңірек білгіңіз келсе @usaladykz инстапарақшасынан оқуға болады. 
 
 
 

1698 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз